You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 38289
    Дата: 20.12.2017 13:49:47
    Аты-жөні: Сарсенбаева Айгерим
    Сұрақ:
    Отиниш уг157/11мекемесинде анам Жамалова Галия 297ши бар бойынша 5жыл мерзиммен осы 2017шы жылдан шилдесинде баста жазасын откуда. Сизден сурайтыным кандайда женилдикпен ракым
    Жауап күні:
    18 қаңтар, 2018 - 19:29
    Жауап:
    Жауап: Құрметті Әйгерім Сарсенбаева! Сіздің Атырау облысы бойынша УГ157/11 мекемесінде жазасын өтеуші анаңыз Г.Жамаловаға қатысты заңмен көзделген жеңілдікті түсіндіру жөніндегі арызыңыз қаралды. Өзіңізге белгілі, Қызылорда облыстық №2 сотының үкімімен Г.Жамалова ҚК-нің 297 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленген. ҚК-нің 72 бабының 3 бөлігіне сәйкес, сотталған адам: 1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн; 2) ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын; 3) аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн іс жүзінде өтегеннен кейін, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған болса; 4) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіздер бойынша жойылған болса, жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін; 5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін делінген. Шартты түрде мерзімінен босату туралы мәселені жаза өтелудегі мекеменің тиісті ұсынысы арқылы сотпен қаралатынын түсіндіремін. Қала прокуроры Р. Құттықов
  • Сұрақ №: 38007
    Дата: 08.12.2017 21:51:09
    Аты-жөні: Зулпкаров Рустембек
    Сұрақ:
    Ассалаумагалйкум Калиев Багитжан Жетписович Мен Зулпкаров Рустембек Жалгасбаевич Доссор посекесинин тургынымын меним сизге койар сурагым Доссорда ески роддомда турамын маган кезинде 2006 жылы жетим есебинде берди ал казир турып жатырганыма 10 жыл болды 3 балам бар осы ески роддомда 10 жануя турады меним туратын жерим алдым асфальд шарбагым тар ени 2 метр узындыгы 3 метр уйдин иши жаман серст озим жкхда кезекте турмын 54- ши ал жолдасым Жуламанова Жанар Тиништиковна кезекке койган 1-ши болып ал казир 10-га жылжытып тастапты занга саикесемес осыны шешип бересизбе
    Жауап күні:
    15 желтоқсан, 2017 - 12:48
    Жауап:
    Жолдасыңыз Ж.Т. Жуламанованың тұрғын үй кезегінің мәселесі бойынша ведомстволық бағыныштылығы бойынша негізінен қарау үшін 12.12.2017 жылы шығыс №2-0507-17-00915 аудан әкіміне жолданғандығын хабарлаймын. Сондықтан, қаралу нәтижесі мен алынған шаралар туралы тікелей аудан әкімдігінен білуге құқылысыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 37659
    Дата: 28.11.2017 21:27:27
    Аты-жөні: Имангалиева Лаура
    Сұрақ:
    Салеметсизбе прокурор мырза! Менин кояр сурагым: менин зансыз жолдасым Кенжеахметов Сунгат Асанович 1985 ж.т. 3 жылдай болды мени аяаусыз урып согып жумыс орныма келип дуние муликти киратып кете береди. Мен онымен бирге турмаймын. Каншама рет Ишки истер баскармасына ягни 102 ге телефон шалып прлиция кызметкерлерине ол жонинде шагынданганмын. Алиде полиция кызметкерлери ешкандай шара колданбайды. Уйме келип урыгада тусти усак урлык кылып 102 ге тиркелди ол туралыда ешкандай шешим шыгарылмады. Полиция кызметкерлери бир бирине силтей береди. Кеше 27.11.2017 жылы кешки сагат 20-21:00 шамасында жумыс орныма келип аяаусыз урып согып дене жаракатын салды. Полиция кызметкерлери азамат Сунгатты наркалогияга апарып дым шара колданбастан жиберип койды. Мен сиздерден комек сураймын. Менин 2 жасар кызым бар катты коркамын. Полиция кызметкерлери маган урысып 102 ге телефон шалмауымды сурады. Жеке оздерине хабарласуды усынды. Каншама рет арыз жазганмын еш караусыз ешкимде кортындысын айтпайды.
    Жауап күні:
    29 желтоқсан, 2017 - 20:31
    Жауап:
    Құрметті Лаура Алибековна! Сіздің қалалық ІІБ-на жазған арыздарыңыз бойынша шара алынбауы жөніндегі арызыңыз қаралды. Сіз өз арызыңызда төмендегі мән-жайды көрсеткенсіз: 1) азаматтық некедегі С.Кенжеахметовке қатысты қалалық ІІБ-мен шара алынбай жатқандығы және полиция қызметкерлерінің әрекеті, 2) ұрлық фактісі бойынша арыздарыңыздың қаралу нәтижесі жөнінде; Бірінші: Сіз азаматтық некедегі С.Кенжеахметовке қатысты жазған арыздарыңыз бойынша полиция қызметкерлерінің 102 нөміріне соқпай, жеке нөмірге хабарласуын сұрап, оған қатысты шара алынбай жатырғанын көрсеткенсіз. Осыған сәйкес, полиция қызметкерлері тарапынан орын алған мән-жайлар бойынша уәждеріңізді тексеру үшін арызыңыздың бұл бөлігі Атырау облысы бойынша ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жолданды. Тергеу нәтижесі туралы мәліметті жоғарыда көрсетілген органнан біле аласыз. Екінші: Сіздің 10.03.2016 жылы үйіңізде белгісіз адамның ұрлыққа оқталу фактісі бойынша арызыңыз қалалық ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігімен (ұрлық) тіркеліп, тергеу нәтижесімен құқық бұзушылық жасаған адам анықталмауына байланысты ҚПК-нің 45 бабы 7 бөлігі 1 тармағымен тергеу мерзімдері үзілген. Қабылданған шешім заңды және негізді болуына байланысты шешімді бұзуға негіз жоқ. ҚПК-нің 45 бабының 9 бөлігінің талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің үзілген мерзімдері оларды үзуге негіз болған мән-жайлар жойылған кезден бастап қайта басталатынын түсіндіремін. Аталған жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Қала прокуроры Р. Құттықов
  • Сұрақ №: 36630
    Дата: 01.11.2017 12:08:27
    Аты-жөні: Жуматов Нариман
    Сұрақ:
    саламатсызба мен Жуматов Нариман Нурланұлы мені 17 қазан 2017 жылы жол патрулдік қызметкері Исмайл Нұрлан Берікұлы тоқтатып әкімшілік хаттама толтырды және мен хаттамамен келіспейтінімді айтып сотта қарауыңызды сұраймын деп қол қоймадым.Ал маған соттан бұрын қызметкер қаулы шығарып жіберді,және видеофиксация көрсетпеймін сотта көрсетеміз деп бұйырды ал осы дұрыспа мен енді кімге шағымдана аламын.
    Жауап күні:
    6 қараша, 2017 - 16:59
    Жауап:
    Н. Жұматовқа Құрметті Нариман Нұрланұлы! Сіздің жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция инспекторы Н.Исмайлдың әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтау барысындағы әрекеттеріне қатысты жазған хатыңыз облыстық прокуратурамен қаралды. Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 6 бабының 2 бөлігіне сай, жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиiс. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, хатыңызда көрсетілген мән-жайлар бойынша прокуратура органдарына ресми түрде арыздануға құқығыңыз бар екендігі түсіндіріледі. Облыстық прокуратураның Басқарма аға прокуроры М.Мендигалиев 27-08-05
  • Сұрақ №: 36405
    Дата: 20.10.2017 02:35:25
    Аты-жөні: Райысов Дарын
    Сұрақ:
    Саламатсыздар ма Менің сұрағым келгені. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көрсетілген Қинау 110-шы бабы. Қаншалықты жиіліктегі Ұрып-соғу қинау болып табылады. Мысалы: Қылмыскер жәбірленушіні 2005жылы қаңтар айында жане екі ай дан кейін және бір жылдан кейін ұрып соғады. Бұл жағдайда қылмыскердің әрекеті Қинау бабы бойынша саралануға жатады ма?
    Жауап күні:
    27 қазан, 2017 - 11:57
    Жауап:
    Д.А.Райысовқа Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы Құрметті Дарын Арманұлы! Бас Прокурордың блогына жазылған ҚК-тің 110 бабына (қинау) қатысты өтінішіңіз облыс прокуратурасымен қаралды. ҚК-тің 110 бабы 1 бөлігінің диспозициясына сәйкес қинау бұл - денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқпаған ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату болып табылады. Бұл орайда, ҚПК-тің 32 бабы 2 бөлігіне сәйкес ҚК-тің 110 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер жекеше айыптау iстерi болып есептеледі. Сондықтан, осы істер бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң (тікелей қылмыстық сотқа) шағымы бойынша ғана басталатындығын түсіндіремін. Облыс прокурорының орынбасары М.Төлеубаев

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.