You are here

Атырау облысы, Құрманғазы аудандық прокуратурасы «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау облысы, Құрманғазы аудандық прокуратурасы «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды - 1980296497

04.09.2017 жылы Атырау облысы, Құрманғазы аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен Құрманғазы аудандық ІІБ-нің тергеу мен анықтау, жедел-іздестіру бөлімдерінің, жергілікті полиция қызметінің және уәкілетті органдардың қызметкерлерінің, сондай-ақ қорғаушы-адвокаттардың қатысуларымен «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде ағымдағы жылдың 1-ші маусымы мен 1-ші қыркүйегі аралығында жүргізілген пилоттық жобаның нәтижесі талқыланып, жоба аясында аяқталған 14 қылмыстық істің, 5-і үш, 6-ы жеті, және 1-і он күнге дейін мерзімде сотқа жолданғаны айтылды.

Жоба негізінде сотқа жолданған қылмыстық істердің орташа көрсеткіші олардың жалпы санының 85,7 пайызын құрады.

Бұл бағытта атқарылған жұмыстар жоба мақсатының қол жетімді екендігін айқын көрсетті.

Бұдан басқа, пилоттық жоба аясында аудандық ІІБ-нің ғимаратында кезекшілік атқарған прокурорлар тек қана қылмыстық істерді зерделеумен шектелмей, бөлімге келген азаматтарды күнделікті қабылдап, сол жерде олардың көтерген мәселелерін жедел және қағаз бастылыққа салмай шешілуіне ықпал жасады.

Нәтижесімен, өткен жылмен салыстырғанда аудандық прокуратураға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау саласы бойынша азаматтардан түскен өтініштер 42,2 пайызға төмендеді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Атырау облысы, Құрманғазы аудандық прокуратурасы «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды - 559005970

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.