You are here

Атырау облысы прокуратурасының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы қадағалау жұмысының нәтижелері туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурордың орынбасары Е.А.Кененбаевтың қатысуымен облыс прокуратурасының алқа мәжілісі болып өтті, онда 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындылары талқыланып, қызметтің алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттары айқындалды.

Есепті мерзімде прокурорлық ықпал ету актілерінің қаралу нәтижесімен 33 мыңнан астам азаматтың құқықтары қорғалып, оның ішінде 11 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қалпына келтіріліп, 1,7 миллиард теңге залал мемлекеттік бюджет пайдасына өндіріліп, 539 тұлға тәртіптік, 343 тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.

Азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылданып, 278 жұмысшының 56 миллион теңгеден астам жалақының төленуі қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік сатып алу заңдылығын қадағалау саласында сомасы 1,3 миллиард теңге залалдың алды алынды.

 Облыс прокуратура органдарымен 1,1 миллиард теңге салықтан жалтару фактілері (ҚР ҚК 222 б.) анықталып, бюджет қаржысын қолма-қолға айналдыру фактісі (ҚР ҚК 215 б.1б.) бойынша 6 мекеменің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жүргізілген мониторингпен суицидке итермелейтін құрамында облыстың 1 мың 800-ге жуық жасөспірімі бар 22 топ анықталып,  прокуратураның бастамасы негізінде Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігімен аталған топтарға тосқауыл қойылды.

1500 бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз тағайындалған тексерулер жойылды. 

Аймақтағы криминогендік жалпы ахуал тұрақты.

Мемлекеттік айыптаушылармен соттарға сапалы қатысу қамтамасыз етілуде. 1-ші жартыжылдықта 464 қылмыстық іс бойынша прокурорлармен мемлекеттік айып қолданды.

Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету саласында прокурорлармен мемлекеттік бюджеттің 149 миллионнан астам теңгенің жоғалуының алды алынды.

Уәкілетті органдармен бірлесіп, «Айыппұл төлеуді ұмытпа», «Алимент төле! Балалар оған мұқтаж»  акциялары өткізіліп, нәтижесімен бюджетке 19,8 миллион теңге, 41 бала пайдасына 2,5 миллион теңгеден астам алимент берешегі өндірілді.

Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші тұлғалар құқықтарының сақталуын қадағалау саласында 166 (178) заң бұзушылықтар анықталып, 20 (47) ұсыныс қаралып, олар бойынша 65 (64) лауазымды тұлға жазаға тартылып, екеуі жұмыстан шығарылды.

«Түрме халқының» санын одан әрі азайту бойынша шаралар қабылдануда.

Аталған кезеңде 129 тұлға шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, 31 сотталғанға қатысты жазалар айыппұлға ауыстырылып, мемлекет пайдасына 14,6 миллион теңге өндірілді.

Алқа қорытындысымен жеке құрам азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекетке, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарды, қоршаған ортаны, кәсіпкерлікті, кәмелетке толмағандарды және мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған жұмысты жалғастыруға бағытталды. 

 

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.