You are here

Атырау облысы прокуратурасының алқа мәжілісі туралы (Атырау қаласы, 2017 жыл 31 қаңтар)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, Атырау облысының прокуроры Ғ. Тоғызбаевтың төрағалығымен облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, онда өткен жылдың жұмыс қорытындылары талқыланып, қызметтің алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттары айқындалды.

2016 жылы облыс прокуратура органдарының қызметі негізінен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің экономикалық мүддесін және кәсіпкерлікті қорғауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамаларының қолданылу заңдылығының сақталуына бағытталды.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 307 тексерулер жүргізіп, 3 686 заң бұзушылықтарды анықтады, 660 ұсыныс енгізді, 274 заңды түсіндіру жасады, 225 наразылық қанағаттандырылды. Тексеріс құжаттары бойынша 22 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен 964 тұлға тәртіптік, 935 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

4 780 703 878 сомасына залал өтелді, оның ішінде мемлекет пайдасына - 4 685 905 514 теңге.

20 677 тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтары қорғалды, оның ішінде монополия саласында - 4 593, денсаулық сақтау – 4 658 тұлғаның.

Қабылданған шаралармен 10 кәсіпорынның 348 жұмыскердің алдында 78 млн. теңге мөлшерінде жалақы берешегі жойылды («Нефтетранстрой» ЖШС, «КТК Сервис Транс» ЖШС, «Ақтау Ойл Маш» ЖШС, «Строй Монолит Сервис» ЖШС, «Иск СпецСтройПроект» ЖШС, «Модерн Электро» ЖШС, «Гюрал» ЖШС, «Каймер» ЖК және «Кольжан Ойл» ЖШС, «Датоба Констракшн» ЖШС).

Табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзған «ТШО» ЖШС-нен мемлекет бюджетіне жер қойнауын заңсыз пайдаланылғаны және қоршаған ортаға нормативтен тыс эмиссиялары үшін 3,4 млрд. теңге өндірілді.

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторингпен кәмелетке толмағандар арасында суицидті насихаттайтын 28 топ (1802 пайдаланушы), кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы бағытталған 8 порнографиялық сайт және 11 қоғамдастық анықталды.

Нәтижесінде кәмелет жасқа толмағандардың арасында суицид 29%-ға, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар 26% төмендеді.

Облыс көлеміндегі жалпы қылмыстық құқық бұзушылық саны 6,5%-ға, оның ішінде онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық бойынша 28,8%, ауырлығы орташа 0,4%, ауыр 2,3%, аса ауыр қылмыс мөлшері 17,5%-ға төмендеді.

Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету саласында прокурорлармен мемлекеттік бюджеттің 150 миллионнан астам теңгенің жоғалуының алды алынды.

Жұмысты ұйымдастыру жобалық менеджмент ұстанымына ыңғайластырылуда.

Облыстық МКД-мен бірлесіп, «Тыйым салынған мүлікті кедергісіз өткізу» жобасы жүзеге асырылды.

Талдау нәтижесімен бірқатар проблемалық сұрақтар туындап, соның ішінде салық төлеушінің берешек сомасының көлеміне қарамастан оның барлық мүлкіне тыйым салу және кепілге қойылған мүлікті сатуға тоқтам қою.

Бізбен ұсынылған шешу жолдары өткен жылдың желтоқсан айында Бас прокуратурамен қолдау тауып, Қаржы министрлігіне тиісті хат жолданды.

Осы тектес, облыс прокуратурасымен «Жеке меншікті қорғау - тұрақтылықтың кепілі» атты жоба жасақталып жүзеге асуда.

Жобаның негізгі мақсаты қылмыстық қудалау органдарының қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру, бөтен мүлікті ұрлаудың санын азайту, алдын алу шараларының сапасын арттыру.

Жоба негізінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ұрлықтың тіркелуі ай сайын 2 пайызға (2016 ж. 9 айында – 15,4%, 2016 ж. 10 айында – 13,7%, 2016 ж. 11 айында – 11,4%, 2016 ж. 12 айында – 9,2%) төмендеп, оң динамикаға қол жеткізілді.

Алқа қорытындысымен жеке құрамға азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекетті жандандыру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоршаған ортаны, кәсіпкерлікті, мемлекеттің мүддесін қорғау жұмысын жалғастыру тапсырылды.

 

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.