You are here

Атырау облысының прокуратура қызметкерлері арасында «Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» байқауы өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау облысының прокуратура қызметкерлері  арасында «Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» байқауы өткізілді - 1455499022

Атырау облысы прокуратурасы Қазақстан халқы тілдері күніне орай қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қызметкерлер арасында  «Тілдің үштұғырлығы – ұлт тірегі» атты байқауы өткізілді.

         Байқаудың мақсаты қызметкерлердің тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін жоғарлату және үштілдікті қолдау.

Төрт кезеңнен тұрған байқауда қатысушылар өздерін 3 тілде таныстырып,  тілдерді меңгеру шеберлігімен қатар, сахналық мәдениеттерін көрсетті.

         Тіл мен әдебиет саласының мамандарынан құрылған қазылар алқасының шешімімен 5 қатысушы облыс прокурорының алғыс хаттарымен, ал жүлделі орын алған 3 қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Байқау нәтижесі бойынша І орынды Атырау қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры Н.Хайдарова, ІІ орынды Атырау қаласы прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау бөлімінің прокуроры М.Жалмурзин, ІІІ орынды Жылыой ауданы прокуратурасының прокуроры Ш.Нәсіпқалиев иеленді. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.