You are here

Атырау облысының прокуратурасы жоғары және арнайы білім беру түлектерін тіркеуге ұсыныс білдірді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385 бабына сәйкес, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді (мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау) дайындап өткiзгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Жүргізілген талдаумен бюджеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторға жұмысқа орналасу уақытында көбіне жалған дипломдар пайдаланылатыны анықталды (жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы).

Әрине мерзімді тексерулер жалған дипломдарды анықтап, жауапкерішілікке тартуға жеткізгенімен, түпкілікті мәселе шешілмеуде.

Атырау облысы прокуратурасының бастамасымен ҚР-сы Білім және ғылым министрлігіне аталған мәселені шешу үшін жоғары және арнайы білім беру түлектері тіркелетін ақпараттық базасын «www.egov.kz» веб-порталымен интеграциялау туралы ұсыныс енгізілді.

Демек, жұмыс берушілер қызметке қабылдау барысында дипломның дұрыстығын растайтын анықтаманы «www.egov.kz» және «электронды үкімет порталы» (ХҚО) арқылы сұрата алады.

Қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігімен ұсыныс қолдау тауып, аталған жүйені интеграциялау жұмыстары жүргізілуде (жұмыстың аяқталуы 2017 жылдың 4 тоқсаны).

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.