You are here

Атырау прокурорлары латын графикасын үйренуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау прокурорлары латын графикасын үйренуде - 1042830234

27 қазан 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Осыған орай, сенбіде 28 қазан 2017 жылы Атырау облысы прокуратурасында жаңа латын алфавитін үйрену бойынша оқу сабағы өткізілді.

Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың айтуынша, мемлекеттік органдардың қызметкерлері жаңа алфавитті бірінші кезекте білу керек, өйткені ертең дәл осы лауазымды тұлғалар азаматтарды қабылдап, олардың өтініштері бойынша жауаптар береді. Сондықтан қазірден бастап жаңа талаптарға дайындалу қажет. Мемлекеттің өкілдері ретінде біздер латын алфавитін айқын, нақты және сауатты біліуіміз керек – деп, атап өтті ол.

Латын графикасына көшу қазіргі заманғы шындыққа негізделген, коммуникацияның техникалық ерекшеліктері латын графикасының қажеттігін көрсетіп отыр. Іс жүзінде барлық технологиялық дамыған әлем көбіне латын графикасын қолдануда.

Қазақстан үшін бұл тарихи сәт екенін атап өтпеу мүмкін емес, 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшу туралы мемлекет басшысы 2012 жылғы «Қазақстан - 2050» Стратегиясында атап өткен болатын. 

Оқу сабағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы Гүлфайруз Қайырғалиевамен өткізілді. Ол прокурорларға жаңа алфавиттің ерекшеліктерін, оның тарихи мағынасын және қазақстандықтардың өміріндегі бұрынғы латын графикасы туралы айтты.   

Прокурорлармен осы тектес оқу сабақтары алдағы уақытта да өтіп тұрады. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.