You are here

Атырауда алғашқы рет «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырауда алғашқы рет «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді - 598582464
Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Атырау облысы прокуратурасының, «Zakon.kz» порталының,
«Параграф» ақпараттық жүйесінің бастамасымен 20 желтоқсан сағат 16:00
мен 21:00 аралығында Құлманов көшесі, 111а (2 қатар) мекен-жайында
орналасқан «BAIZAAR» ойын-сауық орталығында «Халық заңгері»
республикалық акция өтеді.
Келіңіздер және Атырау қаласының үздік адвокаттары мен
заңгерлерінен еңбек, салық, жер, тұрғын үй қатынастары, зейнетақы және
жәрдемақы аудару, алимент, берешек өндіру мәселелері бойынша тегін
білікті заң көмегін алыңыздар, сондай-ақ, мамандармен толғандырып жүрген
мәселелер бойынша талқылаңыздар.
Осы жерде Сіз құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесіп,
прокурорларға және мемлекеттік органдардың өкілдеріне ресми арыз, шағым
немесе өтініш бере аласыз.
Іс-шара шеңберінде облыс прокуратурасының, ішкі істер
департаментінің, мемлекеттік кірістер департаментінің, облыстық еңбек
инспекциясы басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының, Ұлттық банкінің облыстық филиалының,
Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары, сондай-ақ жер қатынастары бөлімдерінің
қызметкерлері, кәсіпкерлер Палатасының өкілдері, адвокаттар, нотариустар,
медиаторлар және сот орындаушылар халыққа заң көмегін көрсетеді.
«Халық заңгері» - бұл Қазақстанның түрлі қалаларында ай сайын
өтетін әлеуметтік акция.
 
Сіздерді күтеміз!

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.