You are here

Азаматтық іс жүргізу жаңа Азаматтық процестік кодексімен жүзеге асырылуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жыл басынан бері сотта азаматтық іс жүргізу отандық құқықтың даму кезеңіне сапасы жағынан тұспа-тұс келетін жаңа Азаматтық процестік кодексті (бұдан әрі қарай – АПК) қолданумен жүзеге асырылуда.

Сот төрелігі бірінші (қалалық, аудандық сот), апелляциялық (облыстық сот) және кассациялық инстанцияларды (Жоғарғы Сот) құрайтын үш сатылы жүйеге ойдағыдай өзгертілді. Сот мәжілістеріне міндетті түрде дыбыс және бейне жазбаларды қолдану жүргізілуде.       

Ұлт жоспарының 26-шы қадамын жүзеге асыру мақсатында, сот процесін оңайландыру және жеделдету үшін жеке азаматтық-құқықтық дауларға прокурордың қатысуы азайтылды.

АПК-нің 54 бабына сай, прокурорлар мемлекеттің мүддесін қозғайтын істерге, сондай-ақ қоғамдық мүдделерді немесе өздерін қорғауға шамасы келмейтін азаматтарды қорғау талап етілгенде азаматтық сот ісін жүргізуге қатысты.

Өткен мерзімде бірінші сатыдағы соттарда қаралған 891 азаматтық іске прокурорлардың қатысуы қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 19,4 % (1105) азайған. Апелляциялық сатыдағы сотта  236 іс, ал өткен жылы 473 іс қаралған.

Соттармен дауларды партисипативтік (адвокаттардың қатысуларымен) негізде тараптарды шақырмай-ақ, істі қысқартылған тәртіппен қарау, тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін сот мәжілісінің алдын-ала тыңдауын өткізу секілді азаматтық іс жүргізудің жаңашылдықтары кеңінен қолданылуда.

Бүгінгі күні қысқартылған тәртіпте барлығы 3 104 іс қаралған. Партисипативтік іс жүргізу тәртібімен 22 іс бойынша азаматтық даулар шешімін тапқан.

Жаңа талаптарға сай облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үш судьядан құралуы шағыммен немесе наразылықпен түскен істер бойынша барлық мән-жайларды сапалы әрі толық тексеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Апелляциялық тәртіпте 853 іс қайта қаралып, 79 сот шешімі өзгертілген және күші жойылған. Оның 9-ы прокурордың наразылығы негізінде орын алаған.

 

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.