You are here

«Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жетілдірудің концепциясы»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жетілдірудің концепциясы» - 468038380

 

Ұлт Жоспарының 2-ші бағытымен көзделген  - «Заңның үстемдігін қамтамсыз ету» туралы институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында қылмыстық процессті жетілдіру бағытында жұмыстар атқарылуда.

        Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, Әділет Министрлігінің, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларынан құралған ведомствоаралық жұмыс тобымен шет елдік тәжірибені зерделеу негізінде бес маңызды бағыт бойынша ұсыныстар құрылымы жасақталды.

Бірінші: Қылмыстық процестегі адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін жоғарылату.

Күзетпен ұстау, ең қатал бұлтарпау шарасы ретінде, ерекше сипатқа ие болып, басқа бұлтарпау шараларын пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданылуы тиіс.

Ұсталу заңдылығын тексеріп және оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін шешу үшін адамды сотқа жеткізу мерзімін 48 сағатқа азайтып, 72 сағатқа дейінгі қалған уақытты сот процедураларына пайдалану ұсынылады.

Және де тергеліп жатырған әрекеттің шегінен шығатын дәлелдемелерді жинақтауға тиым салу ұсынылады.

Екінші: Қорғаушылардың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қылмыстық процестің бәсекелестігін арттыру.

Бәсекелестікті арттыру үшін қорғаушыларға дәлелдемелер жинақтау бойынша кең құзырет беруді, соның ішінде тергеу амалдарын жүргізу туралы өтінішпен сотқа тікелей жүгіну.

Үшінші: Тергеу процедурасын қысқарту және процестің экономдылығын қамтамасыз ету.

Әкімшілік өндіріспен тектес ерекше тергелу тәртібін құру арқылы қылмыстық теріс қылық бойынша өндірісті максималды түрде қысқарту қажет.

Кішігірім ауырлықтағы істер бойынша бұйрықтық өндірістің элементтерін қолдану тиімдірек көрінеді.

Төртінші: Сотқа дейінгі сатыдағы соттық бақылауды одан әрі кеңейту.

Соттағы айыптау мен қорғаудың арасындағы теңдікті қамтамасыз етудің келесі қадамы болып - жасырын тергеу амалдарын санкциялау мен мәжбүрлі түрде куәландыруды соттың өкілетіне беру болып табылу қажет.

Бесінші: Қайталануды жою және сотқа дейінгі тергеу органы, прокуратура және сот араларындағы өкілеттілікті нақты айқындау.

Прокуратураның кепілді санкциялау және үлгілерді мәжбүрлі түрде алу өкілетін тек қана сотқа беруді ұсынамыз.

Аталғандар қылмыстық сот өндірісінің құқық қорғау тетіктерін күшейтуге және ашықтығын көтеруге ықпал етеді.

Осы және басқа да бастамалар негізгі бағыттары, жалпы Ел басымен қолданған, Заңның жобасына енгізілген.

Заң жобасы белсенді жасақталу сатысында.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.