You are here

Консультативтік кеңесінің мәжілісі өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

26.04.2017 жылы Атырау облысы прокуратурасы жанындағы құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі Консультативтік Кеңес отырысында облыстық маслихат депутаттары, кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақ орталығы төрағаларының қатысуымен суицид жасау себептері мен олардың профилактикасы мәселелері талқыланды.

Облыс прокуратурасымен 2015 жылдан кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицид профилактикасы бағытында кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Суицид профилактикасы мақсатында психологтардың қатысуымен білім беру мекемелерінде пайдалану үшін әдістемелік нұсқама жасақталған («Жасөспірімдердің өздеріне қол жұмсау әрекеттерін уақытылы анықтау және оның алдын – алу шаралары»).

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізумен 2016-2017 жылдар аралығында кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицидке үгіттейтін 50 топ (1802 қатысушысымен) қызмет тоқтатылды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесімен кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицид 29% төмендеген.

Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылы жастар арасында (18 ден 29 дейін) суицид фактілерінің 109% (c 155 до 324) өсуі орын алған.

Суицидтің себептері әр-түрлі сипатта, соның ішінде жалғыздық (11), ауыр материалдық жағдай (1), банкроттық (1), туыстарымен қарым-қатынастың шиеленісуі (3), отбасы қатынастарының бұзылуы (2), ауыр аурулар (1), жазалау туралы қорқыныш (1) және т.б.

Отырыс нәтижесімен Консультативтік Кеңес мүшелері уәкілетті органдарға мұқтаж азаматтарға психологиялық көмек көрсету, өмірдің моральдік құндылықтары туралы БАҚ-да кең жариялау, сенім телефондарының оң жұмыс жасауына кешенді шаралар қабылдау және т.б. туралы ұсынымдар берді.

Аталған бағытта жұмыстар үнемі негізде жалғасуда.

 

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.