You are here

Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясында «Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу деген болмау керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс»- деп баса айтылған.

Бас прокуратураның «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын іске асыру мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерін болдырмау және оның алдын алу жұмыстарына талдау жасалып, бұл мәселе алқа мәжілісінде талқыланды.

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа себеп болатын 2010 жылдан бергі жұмыссыздық, ішімдікке салыну, нашақорлық және тағы басқа жағдайлар терең зерделенді.

Облысымызда үстіміздегі жылы 8 689 жұмыссыз, 814 нашақор, 3 722 маскүнем тіркелген.

Жеті жылда жанұя мүшелеріне жәбір көрсетумен байланысты 18 972 әкімшілік және 89 қылмыстық іс соттарда қаралған.  

Зорлық-зомбылық қылмыстарының 28,8% ауыр дене жарақатын салуға, 16,7% қасақана жеңіл дене жарақатын келтіруге, 25,5% жыныстық сипаттағы күш көрсетуге және 6,7% адам өлтіруге байланысты болған.

Облыс прокуратурасының қызметкерлері халық арасында сауалнама жүргізіп, азаматтардың бұл мәселеге қатысты қоғамдық пікірлерін тыңдады.

Прокуратура қызметкерлерінің іс-сапары барысында Индер, Исатай, Қызылқоға аудандарының шалғай ауылдарында тұрмыстық-зомбылықпен күрестің тиісті деңгейде жүргізілмейтіні, бюджеттен арнайы қаражат бөлінбейтіні, учаскелік полиция инспекторларының штат бірлігі жетіспейтіні және оларға материалдық-техникалық жағдайлар жасалмағаны анықталды. 

Атырау қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсететін бір ғана көмек көрсету орталығы облыстың барлық аумағын қамтымайтындықтан жергілікті атқарушы органдарда  Басқарма, ал қала мен аудандарда дербес бөлімдер ашу, сондай-ақ олардың жанынан «Дағдарыс орталықтарын» құру ұсынылды.

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.