You are here

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарыс өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылдың 1-2 қараша күндері «Атырау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Прокуратура органдарының құрылған күніне орай Батыс аймақтық прокуратура органдары қызметкерлері арасында Бас Прокурордың Кубогі үшін кіші аяқ доптан және волейболдан жарыс өткізілді.

Жарысқа Атырау, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан және Маңғыстау облыстары прокуратураларының командалары қатысты.  

Кіші аяқ доптан 35 жастан жоғары қызметкерлердің арасындағы ойындардың нәтижелері бойынша 1-ші орынды Ақтөбе, 2-ші орынды Атырау және 3-ші орынды Маңғыстау облысы прокуратуралары иеленді.

Ал, 35 жасқа дейінгі қызметкерлер арасында Маңғыстау облысының прокуратурасы 1-ші орынды, Батыс-Қазақстан және Ақтөбе облыстарының прокуратуралары сәйкесінше 2-ші және 3-ші орындарды иеленді.

Сонымен қатар, волейболдан Маңғыстау облысының командасы ең үздік нәтиже көрсетті. 

Кубоктерді, марапаттарды және бағалы сыйлықтарды салтанатты түрде табыстау 2 қараша күні өткізілді. Бірінші орынды иеленген командалар Астана қаласында өтетін Республикалық жарыста батыс аймақтан қатысатын болады.

 

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз ақпараты

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.