You are here

Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

27 қазан 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы – Ұлт Жоспарының жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту туралы 27 қадамының Атырау облысында орындалуы» мәселесі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Атырау облысының Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Үйлестіру кеңесінің отырысына облыс прокуратурасы жанындағы Консультативтік кеңес мүшелері, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының өкілдері қатысты.

Ұлт жоспарымен көзделген маңызды шаралардың бірі – Жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту және сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін бірітіндеп қысқарту.

Уәкілетті органдардың жұмысын және олардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру нәтижесінде Ұлт жоспарының 27-ші қадамы тиісті деңгейде жүзеге асырылып, облыс орталығы мен барлық аудандар жеке сот орындаушыларымен (барлығы 51) қамтамасыз етілген.

Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесімен осы институтты дамыту үшін кешенді ұйымдастырушылық және заң шығармашылық шаралары көзделген Іс-шаралар жоспары мақұлданды.

 

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.