You are here

Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы (Атырау қаласы, 06.03.2017 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

06.03.2017 жылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында уәкілетті және құқық қорғау органдарымен браконьерлікпен күрес бағытындағы 2017 жылы бірлесе қабылданатын мәселелері қаралды.

Үйлестіру кеңесінің отырысына уәкілетті, құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімдері және т.б.  қатысты.

Мәжіліс отырысында, браконьерлікпен күрес саласындағы негізгі бағыттар анықталып, оның ішінде Каспий бассейніндегі қалған бекіре тұқымдас балық қорларын сақтауы. Отырыста браконьерліктің себептері және оның масштабтары, әрбір уәкілетті және құқық қорғау органдарының рөлі, сондай-ақ, жағалау маңындағы аудандарда халықты жұмыспен қамту мәселелері қаралды.

Браконьерлікпен күресті күшейтуде қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше рөлі атап өтілді.

Үйлестіру кеңесінің отырысында тиісті уәкілетті органдармен балық аулау, сату орындарында, көлікте, сондай-ақ, жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру кезіндегі жыл сайынғы бірлесе атқарылатын шараларды жалғастыру бойынша шешім қабылданды.

Талқылау қорытындысымен Үйлестіру кеңесімен аталған бағыттағы заңдылықтың сақталуын жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық кешенді жұмыстарды қамтитын іс-шаралар Жоспары қолдау тапты.

 

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.