You are here

Жақын арада Атырау облысы прокуратурасы жұмысқа қабылдау конкурсын жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құрметті кандидаттар!
 
Жақын арада Атырау облысы прокуратурасы органдарына аудан прокуратурасының
прокуроры (санат C-RGP- 5) лауазымына жұмысқа қабылдау үшін конкурс жариялау
жоспарлануда. Конкурс Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында,
ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен
тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Бас
прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40) бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Хабарландыруға дейін қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын
ала зерделеуді (Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсан)
бұйрығына сәйкес жүзеге асырады. Кандидаттар ҚР мемлекеттік тілінен және Қазақстан
Республикасының заңнамаларынан жеке қасиеттерін бағалау бойынша Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Департаментінен тестілеуден өтулері тиіс. Бірінші,
құқық қорғау қызметіне орналасушылар веб-портал электроннық үкімет немесе
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы арыз бере алады. Әрі
қарай құжаттарын тапсырып, прокуратурада заңнамалар бойынша тестілеуден өтіп,
медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, соның ішінде
полиграфологиялық зерттеуден өтуге және ұлттық қауіпсіздік органдарынан міндетті
арнайы тексеруден өтеді. Бұл процедураларға жолдаманы Атырау облысы
прокуратурасының кадр қызметі кедергісіз береді.
Тілек білдірушілер бүгіннен бастап Атырау облысы прокуратурасының кадр
қызметіне мына мекен-жай бойынша Молдағұлов 245, 27-08- 01 телефонына
хабарласуларыңыз сұралады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.