You are here

Жасөспірімге қатысты азғындық әрекеттер жасағаны үшін жазасын өтейтін болды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысы соттарымен 2015 жылы жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушілігіне қарсы 9 адамға қатысты 9 қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімдері жарияланған.

2016 жылдың 11 айында осы тектес істер бойынша 5 адамға қатысты 5 іс қаралып, айыптау үкімдері жарияланған.

Көп жағдайда аталған қылмыстар ата-аналардың тараптарынан балаларына қадағалаудың жоқтығынан орын алған.

Мәселен, сотталушы Б.Е. көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай, азғындық әрекеттер жасағаны үшін жазаға тартылды.

Сотталушы Б.Е. үйдің ауласында ойнап жүрген көрінеу жас балаға қатысты 2008 жылы туылған А.С. көріп, сол ауланың ішінде орналасқан қораның ішіне алдап апарып, Б.Е. өзінің көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау түріндегі ойын іске асыру мақсатында, А.С. үстіндегі киімдерін шешіп, көрінеу жас балаға қатысты азғындық әрекеттер жасаған.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 28.11.2016 жылғы үкімімен Б.Е. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 124 бабының 1 бөлігімен, яғни көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге педагогикалық лауызымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымды айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осыған орай, жасөспірімдерге қатысты қылмыстардың алдын алу мақсатында ата-аналардың назарларына балаларды үнемі қадағалауда ұстау қажет екендігін саламыз.

 

Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.