Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысы прокуратурасы бос лауазымдарға орналасу үшін конкурс жариялайды.

Конкурс откізілетін орын: Атырау қаласы, Молдағұлова көшесі 245, анықтама телефоны 8 (7122) 27-08-01. Электрондық мекен-жайы: 7122380@prokuror.kz Почталық мекен-жайы: 060011.

 

Бос лауазымдардың атауы (санаты - C-RGP-5) :

  • Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры (санаты - C-RGP-5)  – 1 бірлік;
  • Құрманғазы ауданы прокуратурасының прокуроры (санаты - C-RGP-5)  – 1 бірлік;

 

Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты 76 274 теңгеден 103 174 теңгеге дейін.

 

Атқарымдық міндеттер: қылмыстық қудалау және қоғамдық мүдделерді қорғау, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің және атқару өндірістерінің, жазалардың және азаматтарды оңалтудың орындалуына, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру, қылмыстық істер бойынша соттарда мемлекеттік айыптауға  қолдау көрсету,  соттарда азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде қатысу және басқалары.Негізгі міндеттерімен қоса, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқарымдық міндеттерді орындау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

- нақты лауазымның атқарымдық міндеттерінің бағыттарына сәйкес салада жоғары заңгерлік білім;

- денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы;

- нақты лауазымның атқарымдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімі, икем-дағдылары.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу Ережесі негізінде өткізіледі (бұдан әрі - Ереже).

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесідей құжаттарды тапсырады:

1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;

3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен және басылып жазылған толық өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы  азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (3 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12)  прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін  әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13)  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.     

 

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Атырау облысы прокуратурасы 060011, Атырау қаласы, Молдағұлова көшесі 245, телефон анықтама үшін телефоны: 8(7122)27-08-01, e-mail: 7122380@prokuror.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 352

112 375

1.     Қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты,  1 бірлік. (бала күтімі демалысында болуына байланысты уақытша)

Білімі: «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (қаржы, экономика, есеп және аудит) немесе «Жаратылыстану ғылымдары» (информатика) немесе «Техника ғылымдары және технология» (ақпараттық жүйелер) саласындағы жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын, осы санаттағы нақты қызметтің тиісті мамандық саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы қызмет бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. 

Функционалдық міндеттері:

Прокуратура органдарының инфрақұрылымдарының қажеттілігі үшін технологиялық шешімдер қорытындысы және мониторинг; ақпараттық жүйелерді енгізу және инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру; прокуратура органдарының жүйесінде  техникалық және  жүйелік қамтамасыз ету бойынша  жұмысты үйлестіру және сараптау; компьютерлік және оргтехникалық   сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтің  техникалық сипатын дайындау; Аумақтық құрылымдарды өзара  ақпараттық қамтамасыз ету.  Ақпараттық-есеп жүйелерін дамыту шеңберінде ақпараттарды дайындау құралдарын және жаңа тәсілдерін енгізу, техникалық базаның және ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.  Профилактикалық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырады, бағдарламалық электрондық есептегіш  машиналарды, аппарат құралдарын, есептегіш жүйелерін торабын және коомуникация құралдарын  пайдалану процесінде пайда болған  сынықтарды жояды, компьютерлер мен оргтехникаларды жүйелік және бағдарламалық қамтамасыз етеді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап  7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы 7122380@prokuror.kz мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкустық комиссиямен әңгімелесуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде Атырау облысы прокуратурасы органдарынан өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.