You are here

Баспасөз орталығы

«Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жетілдірудің концепциясы»

 

Ұлт Жоспарының 2-ші бағытымен көзделген  - «Заңның үстемдігін қамтамсыз ету» туралы институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында қылмыстық процессті жетілдіру бағытында жұмыстар атқарылуда.

        Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, Әділет Министрлігінің, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларынан құралған ведомствоаралық жұмыс тобымен шет елдік тәжірибені зерделеу негізінде бес маңызды бағыт бойынша ұсыныстар құрылымы жасақталды.

Пікірлер саны: 0

Атырауда «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның бөлім бастығы пара алғаны үшін ұсталды.

Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұловтың хабарлауынша, 13 қазан 2017 жылы облыс прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚКД-нің қызметкерлерімен «Қазавтожол ҰК» АҚ-ның АОФ қызметкері ұсталды.

Облыс прокурорының айтуы бойынша, 28 қыркүйек 2017 жылы  облыстық ҰҚКД-не азамат Л. мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұтқан компаниясымен облыстың автожолдарын жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында әртүрлі әрекет немесе әрекетсіздік жасау үшін «Қазавтожолдың» лауазымды тұлғалары тарапынан ақша қаражаттарын сұрау фактілері туралы шағымданған.

Пікірлер саны: 0

Қызылқоға ауданының прокуратурасы оқушылармен кездесу өткізді

13.10.2017 жылы Қызылқоға ауданы прокуратурасының қызметкерлерімен Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

Кездесу қарапайым түсінікті форматта, өмірдегі мысалдарды қолдану арқылы өтті. Прокуратура қызметкерлері оқушыларға әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнама тәртібі мен әкеліп соқтыратын зардаптары туралы түсіндірді.

Пікірлер саны: 0

Атырауда қылмыстық процесті оңтайландыру одан әрі жалғасуда

Атырау облысы Исатай ауданының прокуратурасымен сот және полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» Жобасының жүзеге асырылуы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аудан прокуроры Мақсат Ермеков, үйлесімді жұмыс нәтижесінде ауданда істерді сотқа жолдау көрсеткіші 93% құрап отырғанын, бұл облыс бойынша 1-ші орын екенін атап өтті.

Жоба іске асырылған уақыттан бері сотқа 14 іс жолданса, оның 12-і үш тәулікке дейін, 1-і жеті тәулікке дейін уақытта аяқталған.

Пікірлер саны: 0

Атырау облысы, Құрманғазы аудандық прокуратурасы «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды

04.09.2017 жылы Атырау облысы, Құрманғазы аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен Құрманғазы аудандық ІІБ-нің тергеу мен анықтау, жедел-іздестіру бөлімдерінің, жергілікті полиция қызметінің және уәкілетті органдардың қызметкерлерінің, сондай-ақ қорғаушы-адвокаттардың қатысуларымен «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Пікірлер саны: 0

Жаңа «Прокуратура туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді

06.09.2017 жылы Қызылқоға ауданының прокуратурасымен жаңа «Прокуратура туралы» Заңының нормаларын түсіндіру мақсатында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Отырыста қатысушыларға Заңдағы новеллалар, қадағалаудың негізгі бағыттары, нысандары мен шегі, тексерістер мен талдаулар жүргізу тәртіптері, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері, құқықтық актілер жүйесі, қылмыстық қудалауды жүзеге асырудағы прокуратураның рөлі түсіндірілді.

Пікірлер саны: 0

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының іске асырып жатқан жобаларының алдын ала нәтижелері жайлы

Жүйемізде маңызды өзгерістер болып жатыр.

         Ең алдымен, Конституцияға енгізілген түзетулер. Оның прокуратураға қатысты 83-ші бап Конституция қабылданғаннан бері алғаш рет өзгерді.

         Екіншіден, бұрын Негізгі Заңда прокуратураның өкілеттіктері нақты көрсетілген болатын. Енді олай емес. Қадағалаудың көлемі мен шегі заман талабына сай прокуратура туралы және басқа процессуалдық заңдарда реттелетін болды. Прокуратура туралы Заң а.ж. шілде айының ортасында күшіне енді.

Пікірлер саны: 0

Атырау облысы прокуратурасында жартыжылғы жұмыстар қорытындыланды

Бүгін Атырау облысының прокуроры Ғ.И.Тоғызбаевтың төрағалығымен, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындыларын талқылау мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды анықтауға арналған облыстық прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Алқа отырысында облыс прокуроры Конституцияға енгізілген өзгерістердің, «Прокуратура туралы» жаңа Заң қабылдануының маңыздылығын атап көрсетті.

Облыс прокурорының орынбасары С.Р.Шалабаев атқарылған жұмыс жөнінде, соның ішінде прокуратура органдарының нақты мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасады. 

Пікірлер саны: 0

Атырау облысы прокуратурасында азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау кестесі

Облыс прокуроры

Прокурор области                                                                        Ғ.И.Тоғызбаев

 

Дүйсенбі күні

в понедельник                                                                             15.00-18.00

Облыс прокурорының орынбасары

Пікірлер саны: 0

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстегі жаңа өзгерістер

11 шілдеде Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заңнамаға көптеген өзгерістер енгізілген.

Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне де қатысты.

Басты жаңалықтардың бірі әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің Жоғарғы Сотта қаралу тәртібі өзгерді.

Пікірлер саны: 0

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.