You are here

Атырау облысы прокуратура органдарында «Ашық есік күндері» акциялары өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау облысы прокуратура органдарында   «Ашық есік күндері» акциялары өткізілді - 983786275

«Ашық есік күндері» акциялары барлық прокуратураларда және 42 аудандық, ауылдық әкімдіктерде ұйымдастырылды. Аталған жұмыс нәтижесінде 245 азаматтар мен заңды тұлға өкілдері қабылданды.

Акцияның тиімділігін арттыру және көтерген мәселелерді жедел шешу мақсатында қабылдауға прокуратура органдары қызметкерлерімен қатар, құқық қорғау және уәкілетті органдардың жауапты өкілдері қатысты.

Акция аясында 50 жариялылық жұмыстары ұйымдастырылды, соның ішінде 1 бейнеролик, 8 баннер дайындалып, мерзімді басылымдарда 11 ақпарат және әлеуметтік желілерде 24 хабарландыру жарияланды, телеарнада 6 сюжеттер көрсетілді.

Атап айтқанда, Атырау қаласы прокуратурасында «Ашық есік күндері» акциясының өтетіні туралы бейнеролик көптеген оқырманы бар әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Wahtsapp, Atpress.kz ақпараттық агенттігі, жергілікті «zello_atyrau», «atyrauoil» парақшаларында) жарияланды. Осы тектес хабарландыру қаланың орталық көшесінде (Сатпаев даңғылы) орналасқан LED экранда көрсетілді.

Жеке қабылдау барысында барлық жеке тұлғалар мен заңды тұлға өкілдеріне қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, «Прокурордың 100 кеңесі» және «service.pravstat.kz» ақпараттық порталының жұмысы туралы парақшалар таратылды.

Акция нәтижесі бұқаралық-ақпарат құралдарында жарияланды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

Атырау облысы прокуратура органдарында   «Ашық есік күндері» акциялары өткізілді - 678857820

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.