You are here

Атырау облысы прокуратурасында жартыжылғы жұмыстар қорытындыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырау облысы прокуратурасында жартыжылғы жұмыстар қорытындыланды - 538781832

Бүгін Атырау облысының прокуроры Ғ.И.Тоғызбаевтың төрағалығымен, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындыларын талқылау мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды анықтауға арналған облыстық прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Алқа отырысында облыс прокуроры Конституцияға енгізілген өзгерістердің, «Прокуратура туралы» жаңа Заң қабылдануының маңыздылығын атап көрсетті.

Облыс прокурорының орынбасары С.Р.Шалабаев атқарылған жұмыс жөнінде, соның ішінде прокуратура органдарының нақты мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасады. 

Ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында прокурорлық қызметтің өзгеруіне орай, негізгі екпін қылмыстық қудалауда заңдылықты қадағалауды қамтамасыз етуге жасалды.

Кезекші прокурорлардың қызметі жандандырылды және қайта қаралды.

Нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жобалық басқарудың қағидаларын енгізу жалпы қылмыстылық деңгейінің 12,8% төмендеуіне себеп болды.

«Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» жобасы шеңберінде процессуалдық шешім қабылдау мерзімі едәуір қысқарды. Мысалы, 20% астам істер 3 күн мерзімге дейін аяқталды.

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бірлескен іс-шарасы шеңберінде облыстың барлық аудандарына шығу арқылы 52 мыңға жуық тұрғынды қамтумен 600-ден астам шара өткізілді.

Нәтижесінде 344 адам жұмысқа орналасты, 22 кәсіпкерге мемлекеттік органдармен қолдау көрсетілді, 3300-ден астам азаматқа медициналық көмек көрсетілді.

270-тен астам мүгедекке негізсіз төленген мүлік салықтары қайтарылды.

Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бюджет пайдасына қоршаған ортаға нормадан тыс эмиссиялар үшін 1,4 млрд. теңге төлемдер өндірілді.

«Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» республикалық жобаны іске асыру барысында борышкерлердің жұмыссыздығы мәселесін шешуге ерекше назар аударылды.

Облыс прокуратурасының бастамасымен уәкілетті органдар мен ірі бизнес субъектілері арасында тиісті меморандум жасалып, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізілді.

Нәтижесінде 600-ге жуық борышкер жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның 132-і нақты жұмысқа орналастырылды.

Алқа қорытындысымен Президент және Бас Прокурордың  тапсырмаларын ескере отырып, облыс прокуратура органдарының қызметінің алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттары айқындалды.

 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.