You are here

Атырау облысының прокуратурасы бос прокурорлық лауазымға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау облысының прокуратурасы, 0060011, Атырау қаласы, А.Молдағұлова көшесі 245, анықтама үшін телефон (7122) 270801, электрондық мекен-жай atyr-otd-kadr@prokuror.kz, бос прокурорлық лауазымға конкурс жариялайды

 

Бос орындар:

-          Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры (негізгі қызметкердің оқу мерзіміне) - бір бірлік;

-          Жылой ауданы прокуратурасының прокуроры – үш бірлік;

-          Жылыой ауданы прокуратурасының прокуроры (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне)- бір бірлік.

-          Құрманғазы ауданы прокуратурасының прокуроры – бір бірлік.

 

Функционалдық міндеттері: азаматтардың құқықтарының сақталуын қадағалау, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

 

Еңбекақысы 76 235 теңгеден жоғары

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

-          функионалды бағыттарға сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;

-          құқық қорғау органдарында қызмет атқару үшін қажетті болған денсаулығының жарамдылығы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде Атырау қаласы, А.Молдағұлова көшесі 248 мекен-жайда қабылданады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

 

-          арыз;

-          анкета (сауалнама);

-          толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (нақты тұратын мекен-жайы, байланыс телефондарын көрсету қажет);

-          өз қолымен және компьютерде терілген өмірбаян (жақын туыстары, бұрынғы жұбайын міндетті түрде көрсету қажет);

-          жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматтығын куәландыратын құжат көшірмесі;

-          нотариалды куәландырылған білімі туралы құжат көшірмесі;

-          нотариалды куәландырылған еңбек жолын растайтын құжат көшірмесі;

-          әскери билеттің немесе шақырылу учаскесінде жазылу туралы құжат көшірмесі;

-          соңғы жұмыс орнынан мінездеме және түйіндеме;

-          6 дана 3х4 мөлшердегі фотосурет;

-          Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес, тұрғылықты мекен жайындағы салық органдарына өзінің (жұбайымен) табыс және мүлік туралы декларацияның тапсырылғаны жөнінде құжаттар.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және іскерлік беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары берілуі, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері) қосымша ақпараттар бере алады.

- құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;
- соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

 

                                                                                  Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.