You are here

Атырауда қылмыстық процесті оңтайландыру одан әрі жалғасуда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Атырауда қылмыстық процесті оңтайландыру одан әрі жалғасуда - 743411613

Атырау облысы Исатай ауданының прокуратурасымен сот және полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Азаматтардың мүддесі үшін қылмыстық процесті оңтайландыру» Жобасының жүзеге асырылуы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аудан прокуроры Мақсат Ермеков, үйлесімді жұмыс нәтижесінде ауданда істерді сотқа жолдау көрсеткіші 93% құрап отырғанын, бұл облыс бойынша 1-ші орын екенін атап өтті.

Жоба іске асырылған уақыттан бері сотқа 14 іс жолданса, оның 12-і үш тәулікке дейін, 1-і жеті тәулікке дейін уақытта аяқталған.

Дөңгелек үстел қатысушылары Жоба туралы оң көзқарастар айтып, алдағы уақытта қылмыстық процестің барлық сатысында мерзімдерді мейлінше азайтуға бар күштерін салатындарын жеткізді.

Бұл мақсатта, прокуратура, сот және полиция арасында «Әділ қылмыстық-сот процесі» пилоттық жобасын іске асыру туралы Келісім жасалды.

Келісімге сәйкес, хаттамалық нысандағы қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр санаттағы (егер күдікті тұлға анықталып, кінәсін толықтай мойындап, келтірілген залалды дауламайтын болса) қылмыстық істер полициямен 3 тәулік ішінде тергеп-тексерілсе, прокурормен заңдылығы 3 сағат ішінде тексеріліп, сотпен қылмыстық іс түскен күннен бастап 5 тәулік ішінде қаралатын болады. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.