You are here

Азаматтық процестік кодекстің жаңа өзгерістері туралы Бас прокуратура баяндады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.ж. 11 шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.

Заңнамалық түзетулер 25 шілдеден бастап заңды күшіне енеді.

Азаматтық істер бойынша шығарылған сот шешімдеріне шағымдану тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясындағы 435-бабына сәйкес алдағы уақытта Бас Прокурор іске қатысушылардың өтініштері негізінде кассациялық наразылықты тек қана прокурордың қатысуымен қаралған азаматтық істер бойынша сот актілеріне келтіре алады.

Азаматтық процестік кодекстің 54-бабының 2-бөлігінің талабына сәйкес прокурор тек 3 жағдайда азаматтық іске қатысуға міндетті. Олар, егер сотпен қаралатын дау мемлекеттің, қоғамның және өз-өзін қорғай алмайтын азаматтың мүддесіне қатысты болса. 

Яғни, Бас прокуратура басқа даулар бойынша заңды күшінен енген сот шешімдеріне кассациялық наразылықты келтіру туралы өтініштерді негізінен қарамайды.

Азаматтар мен заңды тұлғалар заңды күшіне енген сот актілеріне дау айту өтінішті тек қана Жоғарғы Сотқа бере алады.

Сондай-ақ ерекше жағдайда сот актілерді Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну негізінде де қаралуы мүмкін.

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

3-ші қызмет

басшысының орынбасары                                                               Жданова А.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.