You are here

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бірлескен іс-шарасының қорытындысы туралы пресс-конференция өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бірлескен іс-шарасының қорытындысы туралы пресс-конференция өтті - 455289136

30.06.2017 жылы аймақтық коммуниция қызметінде Атырау облысының прокуроры Ғ.И.Тоғызбаевтың, облыс әкімінің орынбасары Ә.И.Нәутиевтің және уәкілетті органдардың басшыларының қатысуымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бірлескен  іс-шараның қорытындысы туралы пресс-конференция өтті.

Облыс прокуратурасының бастамасымен және облыс әкімінің қолдауымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бірлескен іс-шара шеңберінде құрамында мемлекеттік, құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, қаржы институттарының өкілдері, дәрігерлер мен теологтар бар ведомствоаралық топ жұмыс жасады.

Топпен халық арасында денсаулық сақтау, білім, еңбек және әлеуметтік қорғау, дін, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес салаларында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыстың барлық аудандарына, оның ішінде шалғай орналасқан елді-мекендерге шығу арқылы 52 мыңға жуық адамды қамтумен 600-ден астам іс-шара өткізілді.

  Балаларға, әйелдерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға, сотталғандарға, радикалды ағымды ұстанатындарға ерекше назар аударылды.

Іс-шаралар шеңберінде 344 адам тұрақты жұмысқа орналасты, жаңадан кәсіпкерлікпен айналысу әдістерін үйрену үшін «Бизнес Бастау» және «Бизнес кеңесші» курстарымен 500-ден астам ауыл тұрғынына оқыту-әдістемелік шаралар ұйымдастырылып, сертификаттар табысталды, 22 кәсіпкерге мемлекеттік органдармен қолдау көрсетілді, 3300-ден астам азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, оның ішінде 300 науқасқа диагноз қойылып, ем тағайындалды, 80 адамға аудандық және облыстық емдеу орындарына, 2 адамға республикалық кардиологиялық орталыққа жолдамалар берілді.  

Интернет кеңістігінде жүргізілген мониторингпен Конституцияға және басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін 74,  жарылғыш құрылғыларды дайындауды насихаттайтын – 21, экстремистік деп танылған – 10 материал анықталып, оларды шектеу шаралары қабылданды.

Бұл жұмыстың нәтижесінде бірқатар өзекті мәселелер шешілді, бизнестің дамуына кедергі келтіріп келген әкімшілік тосқауылдар жойылды.

Пресс-конференция барысында облыста заңдылықтың сақталуы жағдайы туралы журналистердің сұрақтарына толық жауап берілді.

 

Атырау облысының прокуратурасы

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бірлескен іс-шарасының қорытындысы туралы пресс-конференция өтті - 1257817789
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бірлескен іс-шарасының қорытындысы туралы пресс-конференция өтті - 1027954884

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.